Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы – 26 ақпан 1938 жыл) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы.
Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
1928 жылы институт бітірген соң, “Еңбекші қазақ” газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
Библиография
1917 ж. – «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
1923 ж. – «Байшұбар».
1926 ж. – «Балаларға тарту».
1928 ж. – «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
1929 ж. – «Күй» поэмасы.
1931 ж. – «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
1934 ж. – «Күйші» поэмасы.
1936 ж. – «Исатай – Махамбет» пьесасы.
1936 ж. – «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.[3]
Поэмалары
«Құлагер» – 1936 жылдың қараша айында “Социалистік Қазақстан” газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
“Күй” – 1929 жылы жазылған.
“Күйші” – 1934 жылы жазылған.
“Дала” – 1930 жылы жазылған. Басында “Еңбекші Қазақ” газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
“Рүстем қырғыны” – 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
“Исатай” – 1960-1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-томында жарық көрген.
“Мақпал” – 1920 жылдың басында жазылған.
“Байкал” – 1937 жылы жазылған.
“Кәнпеске” – 1920 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде жарияланды.
“Қолбала” – 1964 ж. Алматы облысы, Ақсу аудандық “Өмір нұры” газетінде жарияланды.
“Қуат” – 1932 жылы “Әдебиет майданы” журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
“Мәйек” – 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
“Бақытты Жамал” – 1930 жылы жазылған.
“Жорық” – 1935 жылы жазылған.[4]
Лирикалық өлеңдері
- “Әнші апама” (1909)
- “Күзгі гүлге” (1912)
- “Тілек” (1912)
1915-1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
“Бір соқыр баланың арманы” (1915-1916), “Жыбырлақ” (1915-1916), “Қалпымыз” (1915-1916), “Жаңылғаным” (1915-1916), “Мұңды құс” (1915-1916), “Қосылыс” (1915-1916), “Игілік” (1915-1916), “Ішім еріп” (1915-1916), “Жанды сөз” (1915-1916), “Талғамалар” (1915-1916), “Замандасқа” (1915-1916), “Бұбұлға” (1915-1916), “Алдымда” (1915-1916), “Жаз-құдаша” (1915-1916), “Маңым” (1915-1916), “Шым-шытырық” (1915-1916), “Не күйде” (1919), “Арыным” (1920), “Бейсембек “Болыс” (1920), “Ортақшыл партияға” (1920),
1921-1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
“Анам тілі” (1921), “Жас бұлбұлдарға” (1921), “Жарлылар ұйымының жетісі” (1921), “Жетім” (1921), “Ағынды менің Ақсуым” (1921), “Жалпы жасқа” (1921), “Қазақы қорытынды” (1921), () “Некешілдер” (1921), “Атадан да балаға ана жақын” (1921), “Тапанша” (1922), “Бұлт” (1922), “Жанартау” (1922), “Жастар ұраны” (1922), “Жазғы таң” (1922), “Жазғытұрым” (1922), “Жазғы шілде” (1922), “Егінші” (1922), “Күз” (1922), “Қыс” (1922), “Ақсабан” (1923), “Жауында” (1923), “Мезгіл суреттері” (1923), “Меніңше” (1923), “Жел” (1923), “Бөлек-салақ ойдан” (1923), “Жас жалшыға” (1923), “Тас” (1923), “Жайлау” (1923), “Көктемде” (1923), “Баспаханадағы қыр қазағы” (1923), “Кедей тойы” (1923), “Қойшы ойы” (1923), “Ұлы күн” (1923), “Май тойында” (1923), “Сапарда” (1923), “Жоқ” (1923), “Тұңғыш тоғысу” (1923), “Қосылыс” (1923), “Боранбай не ойлап жүр” (1923), “Ықшылбай” (1923), “Саудагер тамашасы” (1924), “Ит-ай” (1923), “Жарқынбай, Беркінбай” (1923), “Қырман” (1924), “Октябрь күні” (1924), “Орақ науқаны” (1924), “Ұлт отауын тіккендер” (1924), “Өк, көк өгіз” (1924), “Желді күн” (1924), “Бұлақ бойында” (1924), “Ойлану” (1924), “Саналы жастарға” (1924), “Көлге” (1924), “Біздің күз” (1924), “Ленин өлді” (1924), “Түн” (1924), “Ажырауда” (1924), “Лермонтов” (1924).
1925-1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
“Ленин тірі” (1925), “Беташар” (1925), “Желді Қарағай” (1925), “Сабын” (1925), “Саптыаяқ” (1925), “Көш-қон” (1925), “Коммуна” (1925), “Сұрау” (1925), “Жетісу суреттері” (1925), “Оқимын” (1925), “Саудың сандырағы” (1925), “Өтініш” (1925), “Көш-жөнекей” (1925), “Тас шешей” (1925), “Бөбек бөлеу” (1926), “Жауын” (1926), “Заман” (1926), “Майдан” (1926), “Ауылдың алды” (1926), “Жүдеу жүрек” (1926), “Күн шыққанда” (1926), “Күнгей” (1926), “Ресей жері” (1927), “Шал мен кеіні” (1928), “Қазақ қызы” (1928), “Қақпан” (1928), “Бүгінгі дала” (1928), “Мавзолей” (1929), “Алатау” (1929), “Домбыра” (1929), “Қазақстан” (1929), “Шоқпарға” (1929), “Кәне, шыдар қай майдан?” (1929), “Гималай” (1929), “Серт” (1930), “Алтын қазан” (1930), “Ақын мен Мақым” (1930), “Түс” (1930), “Апырым-ай, жан қысылды-ау” (1930), “Жүр ме екен Сәуле” (1930), “Жаным жылама” (1930),
1931-1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
“Тракторшыға” (1931), “Октябрь екпіні” (1931), “Жаңа тұрмыс” (1931), “Екпінділер мен прогульщик” (1932), “Социалды көмек” (1932), “Бесжылдықтың ерлері” (1932), “Бақыттымын” (1932), “Кавказ” (1932), “Үйге келем” (1934), “Үмітке” (1934), “Мәскеу-Қазақстан” (1934), “Тұлпарға” (1936), “Белорус халқына” (1936).
Сатиралары
“Ақым мен Мақым” (1930), “Бай бәйбіше” (1927), “Бақтың әдісі” (1923), “Басқа пәле тілден” (1935), “Борнабай не ойлап оқып жүр” (1923), “Газ емес, концерт” (1929), “Ит-ай” (1923), “Қуыршақ” (1929), “Құйрықты базар” (1927), “Құқ” (1928), “Өк, көк өгіз!” (1924), “Өлген молданың өсиеті” (1923), “Саясат қошқарлар” (1922), “Сұрпақпай Сұғанақ” (1928), “Сыншы-ақ” (1915), “Сонымен, кетіп барам…” (1929), “Сөз Қамысбаевқа” (1929), “Төрешілдіктің түрлері” (1929), “Шошқа” (1931), “Ұяның ұясы” (1928).
Шығармалар